IMAGE bork.kz

LED-масканың жарық терапиясын қартаю мен безеулермен күресуге қалай қолданатындығы жайлы мақаламызды оқи отырыңыз.

Instagram-да Кортни Кардашьян Джейсонның маскасымен (Friday The 13th фильмінен) суретке түскен сәттерін көрген боларсыз. Бұл — қазіргі сұлулық әлеміндегі негізгі трендке айналған LED-маска. Оған танымал адамдардан бастап, көршіңізге дейін — бәрі «‎ғашық». Қызыл немесе көк жарық шығаратын бұл гаджет өзінің тиімділігімен және үйде қолдануға ыңғайлығымен үлкен танымалдылыққа ие болды. Жарық терапиясы қартаю мен безеулерге қарсы керемет нәтиже көрсетіп жатыр.

Бұл қалай жұмыс істейді?

LED-маскалардың жұмысы жарық терапиясына негізделген: олар теріге әсер ету үшін әртүрлі жарық толқындарының ұзындығын қолданады. Қызыл жарық (630-660 нм) коллаген өндірісін ынталандырып, әжімдерді азайтады, ал көк жарық (415-495 нм) бактерияға қарсы қасиеттерге ие, бұл оны безеулермен күресуде тиімді етеді. Бұдан бөлек LED-маскалар тері түсі мен құрылымын жақсартуға, қабыну мен қызаруды азайтуға, сондай-ақ жаралардың жазылуын жеделдетуге көмектеседі.

NASA-дан косметологияға өту

LED-терапия тарихы 60-шы жылдары Ник Холоньяк-джуниордың алғашқы жарық диодты ойлап тапқан сәтінен басталды. 90-шы жылдары NASA ғалымдары ғарыш зерттеулері барысында өсімдіктер мен адам жасушаларына LED-жарығының емдік әсерін анықтады. Ғалымдар оның жасушалық процестерді, соның ішінде АТФ өндірісін ынталандыратынын ашты (АТФ – барлық биохимиялық процестер үшін энергия көзі – Tatler). Бұл жаңалық LED-терапиясының медициналық салаларға енгізілуіне себеп болды. Онымен жараларды емдеп, ауруды басып, циркадтық ырғақтарды реттеді. 2000-шы жылдардың басында LED-терапия косметологияға келіп, сұлулық салондарында танымал процедураға айналды.

Тәжірибелер және нәтижелер

Үйдегі LED-маскалар салондағы аппараттармен салыстырғанда әлдеқайда әлсіз. Дегенмен зерттеулер олардың тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді. PubMed 24 қатысушысы бар клиникалық зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша үйдегі LED-аппараты (толқын ұзындығы 637 және 854 нм) қауіпсіз және теріні тиімді жасартатын болып шықты. Сегіз апта қолданғаннан кейін тәжірибеге қатысушылардың терісінің серпімділігі мен құрылымы айтарлықтай жақсарған.

Корейлік озық технологиялар институтының (KAIST) командасы 12 апта бойы LED-маскалардың теріге әсерін зерттеді. Зерттеуге 20 мен 50 жас аралығындағы 50 адам қатысты. LED-маска әсері қатысушылардың жас тобына байланысты әртүрлі болды: 20 жас аралығында тері майының көптеп бөлінуі азайды; 30 жас аралығында пигментация төмендеді; 40 жастағы адамдарда қызарулар азайды; 50 жастағыларда терінің жалпы жарқырауы жақсарды. Сондай-ақ зерттеу LED-маскаларды қолданудың қауіпсіздігін растады.

Гаджетті пайдаланар алдында дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Әсіресе созылмалы ауруларыңыз болса, сақ болған жөн. Сонымен қатар сессиядан бұрын және кейін ретинол мен AHA қышқылдары бар банкілеріңізді бір жаққа қойыңыз. Есіңізде болсын, бұл — сиқырлы таяқша емес, жай ғана тері күтімі үшін қолданылатын сәнді гаджет. Оны дұрыс пайдалансаңыз, жақын уақытта жұлдыздай жарқырауыңыз әбден мүмкін. Сол үшін LED-маскалардың ең тиімді нұсқаларын жинап қойдық.

GLED D800

BORK

Көпфункциялы LED-маска 1040 теріңізге жарық диодпен және қызыл, көк+жасыл және жасыл+сары жарық сынды үш түрлі жарық терапиясы режимімен әсер етеді. Маска гальваникалық массаж функциясымен, УК-зарарсыздандыруы бар сымсыз қуаттау станциясымен және дауыстық көмекшімен жабдықталған. Құрылғының футуристік дизайны Red Dot Design Award және Good Design Award сияқты сыйлықтармен марапатталған. Терінің түр-түріне сәйкес келеді және безеу мен қартаю мәселелерін шешеді.

Tatler Asia
IMAGE bork.kz
Tatler Asia

LED Light Therapy Face Mask: Series 2

CurrentBody

236 жарық диодтан тұратын жетілдірілген LED-маска пішіні икем үш түрлі ұзындықтағы толқынмен төрт аптаның ішінде теріні жақсартуға қауқарлы.

Tatler Asia

LED-маска Express

Déesse PRO

Қызыл және инфрақызыл жарықпен жабдықталған портативті LED-маска 10 минуттық сеанс арқылы қартаюға қарсы күресуге арналған. Жеңіл, икемді, USB арқылы қуатталады. Төрт аптаның ішінде әжімдерді 37,6%-ға дейін азайтады.

Tatler Asia

LED Light Therapy Skincare Mask

L&L Skin

Төрт түрлі жарықпен (қызыл, көк, сары, күлгін) көпфункциялы LED-маска теріге кешенді күтім жасайды. 100 жарық диод, аптасына үш-бес рет 10-15 минут бойы пайдалануды талап етеді. Төрт-алты аптаның ішінде терінің жақсарғанын байқайсыз.

Tatler Asia

TheraFace Mask

Therabody

648 жарық диодтан тұратын LED-маска. Қызыл, инфрақызыл және көк жарықты пайдалана отырып теріні жасартады. Режимдерге автоматты түрде ауыса алатын 9 минуттық сеансы бар. Кіріктірілген вибрациялық терапиясы мен сымсыз дизайны да қолданыста қолайлы. Масканың тиімділігі клиникалық түрде дәлелденген. FDA-мен мақұлданған.

Tatler Asia

Темы