Zara x Disney: Гарри Ламбертпен бірлескен жаңа топтамадағы Дисней сиқыры

Zara, Disney және атақты стилист Гарри Ламберт бірігіп, Aw Gee! Wow атты капсулалық топтаманы жарыққа шығарды. Естеріңізге сала кетейік, Ламберт – Гарри Стайлздың Watermelon Sugar кезеңіндегі жарқын глэм-стиліне жауапты болған және оны журнал мұқабаларына көйлекпен киіндірген сол баяғы стилист. Ол бұған дейін де Zara үшін сәтті капсула жасаған болатын.

Топтамаға жайлы трикотаж, жазулары бар футболкалар және ерекше аксессуарлар енген. Футболка, жилет және свитшоттарда Микки мен Минни, Дональд пен Дейзи, Плуто мен Гуфи өздерінің танымал фразаларымен бейнеленген. Әйелдерге, ерлерге және балаларға арналған желілер ұсынылғанымен, топтаманың жалпы көңіл-күйі гендерлік және жас ерекшеліктерінің шеңберінен шығады.

Капсула қазірдің өзінде Zara сайтында қолжетімді.