IMAGE Bella Hadid | MISS SIXTY

Модель денимге маманданған италиялық MISS SIXTY брендінің жаңа жарнамалық науқанына түсті

Италиялық MISS SIXTY бренді 1992 жылдан бері денимге маманданып келеді. Жақында олар жаңа топтамасын ұсынды. Оның басты жұлдызы – сары шашқа қайта оралған Белла Хадид. Ол Mermaid пішініндегі джинс белдемше, қысқартылған күрте және пэчворк стиліндегі футболкадан тұратын образды көпшілік назарына ұсынды.

Шие мотивтері бар жарқын декорациялар мен үлпілдек қызғылт кілемдер аясында өткен жарнама науқанының стилі тоқсаныншы және екімыңыншы жылдардың мәдениетіне сілтеме жасайды.

Жаңа топтамада графикалық принттері бар футболкалар, классикалық күртелер, сондай-ақ тік пішілген, клеш және капри үлгісіндегі джинсылар бар. Образды қабаттап кию үшін торлы және поло жейделер ұсынылса, кешкі шығуға арнап әуедей жеңіл жібек топтар мен мөлдір шілтерлі блузкалар әзірленген.

 

Tatler Asia
IMAGE MISS SIXTY
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Темы