22 сәуір Жер Күніне орай Bvlgari Валенцедегі жаңартылған мануфактурасын ашып, экологиялық таза қаптамаларды әлемдік масштабта енгізгенін жариялады
Валенцедегі Bvlgari мануфактурасы әлемдегі зергерлік бұйымдар өндіретін ең ірі кәсіпорынға айналды. 17 500 шаршы метр аумақты алып жатқан зауыттың жұмысының негізінде қайта жаңартылатын энергия көздері жатыр. Зауыттың энергия қажеттіліктерінің 60%-н күн мен жел қамтамасыз етсе, қалған 40%-ы геотермалды және фотоэлектрлік жүйелер арқылы алынады. Бұдан бұрын мануфактура халықаралық деңгейде ғимараттың экологиялық тазалығын растайтын LEED Алтын сертификатын алған болатын.
Тұрақты дамудың маңызды бір қыры – бүкіл әлем бойынша экологиялық таза қаптаманы енгізу. Bvlgari-дің танымал қораптары мен қаптарының 50%-ы қайта өңделген материалдардан тұрады және бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 70%-ға дейін арттыру жоспары бар. Тұрақты даму қағидасы брендтің түпкі мәніне әу бастан-ақ сіңген, себебі табиғатқа деген құрмет және экологиялық жауапкершілік Bvlgari үйінің негізін қалағаннан бері оның миссиясы болып келеді.