IMAGE chloe.com

Супермодель Клаудия Шиффер курорт орындарына арналған «Chloé à la Plage» капсуласының моделі болды

Chloé шығармашылық директоры Чемена Камали өзінің алғашқы Chloé à la Plage – жазғы капсула топтамасын ұсынды. Капсуланы Chloé бутигінен, Chloé.com сайтынан, сондай-ақ Сент-Тропе, Капри және Монте-Карло танымал курорттарындағы арнайы жазғы бутиктерінде сатып алуға болады.

Жарнамалық кампанияға Клаудия Шиффер түсті. Ол таңдаулы сән брендтерімен ынтымақтастықты жалғастырады. Капсуланың атауы «жаңа толқын» француз режиссері Эрик Ромердің құрметіне қойылған. Режиссер «Летняя сказка» (1996), «Полин на пляже» (1983) фильмдерін түсірген. Камали жеңіл көйлектер, блузкалар бар топтаманы Ромердің эстетикасына құрмет ретінде сипаттады.