Diesel бренді «Сіздің D өміріңіз» (Your Life in D) атты 2025 жылдың күз-қыс топтамасын шығарды

Diesel брендінің 2025 жылғы күз-қыс топтамасы брендтің фирмалық джинс силуэттеріне құрмет ретінде жасалған. «Сіздің D өміріңіз» коллекциясын креатив директор Гленн Мартенс пен арт-директор Кристофер Симмондс дайындады. Diesel коллекциясы джинс матасының өмірлік циклын біз әлі көрмеген жолмен көрсетеді.

Diesel джинсын киіп өмір сүру туралы кампания адамның дүниеге келуі, жастық шағы, ересек кезі, өлімі және о дүниелік өмірі туралы сыр шертеді. Фотограф Эаммон Зил Фрил (Eammon Zeel Freel) түсірген жаңа маусымның суреттері адамның бірінші жақтағы көзқарасын көрсетеді – джинс шалбар киген сәбиден бастап жасөспірімнің гормондары ойнай бастағанға дейін.

«Өмір-жағажай». Одан кейін олай емес. Ары қарай онша қызық емес, бірақ бәрі – D. Тал бесіктен жер бесікке дейін. Diesel denim әрқашан сізбен бірге.