A$AP Rocky Moncler үшін жасаған топтамасында футуризм мен «ретро-шаңғы» стилін біріктірді
A$AP Rocky-дің шығармашылық энергиясы бір орында тұрмайды: ол Moncler үшін жасаған жаңа топтамасында өткеннің сағынышы мен болашақтың батылдығын тоғыстырды. Don’t Be Dumb деп аталатын бұл капсулалық топтамаға ашық, қанық түстердегі – қызыл, индиго және изумруд – ыңғайлы тау шаңғысы киімдері кіреді. Топтаманың басты ерекшелігі – оның барынша практикалық болуында. Киімдердің кең пішімі, реттелетін белдіктері және көптеген қалталары оны күнделікті киюге өте ыңғайлы етеді. Кейбір модельдерде Роккидің жаңа альбомының атауы – Don’t Be Dumb деген ірі жазу, сондай-ақ AWGE және Moncler логотиптері бар.
Жарнамалық науқанды фотограф Шарлотта Разерфорд түсірген. Түсірілім толықтай қараңғылықта өткен, бұл топтамадағы киімдердің жылтыр фактурасы мен ерекше пішіндерін айқынырақ көрсетуге мүмкіндік берген. Топтаманың тұсаукесері Роккидің өзі жасаған кеңістікте The City of Genius атты иммерсивті шоу ретінде өтті. Сонымен қатар, осы жобаға арналып, режисссер Дэн Страйт түсірген арнайы фильм де жарық көрді.


