IMAGE Dior

Актриса Грета Ли Майки Мэдисоннан кейін Dior бренд-амбассадорлары қатарына қосылды

Америкалық актриса Грета Ли Dior сән үйінің жаңа амбассадоры атанды. Бұл тағайындау брендтің әйелдер желісіне креативті директор болып келген Джонатан Андерсонның бірінші қазанда Парижде өтетін дебюттік көрсетілімінің қарсаңында жарияланып отыр.

Бұл таңдау кездейсоқ емес. Актриса мен дизайнердің шығармашылық байланысы Грета Ли Loewe брендінің жарнамалық науқандарына түскен кезден-ақ басталған. Жақында өткен Венеция кинофестивалінде бірнеше Dior образымен шыққан актриса алдағы ынтымақтастық туралы тұспал да жасаған еді. Грета Ли – Джонатан Андерсон Майки Мэдисоннан кейін шақырған екінші жұлдыз. Дизайнердің айтуынша, Грета Ли – Dior әйелінің нағыз үлгісі: талантты, жарқын әрі сезімтал.

Актриса Селин Сонның «Past Lives» фильміндегі Нора рөлінен кейін кең танымалдылыққа ие болды. Ол биыл Уиллем Дефомен бірге «Late Fame» картинасында ойнаса, келесі айда Ив Ким рөлін сомдайтын «Tron: Ares» атты ғылыми-фантастикалық блокбастері жарық көреді.