Тек екі күн: жаңа Chilla Resort топтамасын киіп көруге асығыңыз!
Осы демалыс, яғни 28-29 маусым күндері Алматыдағы DUNIE STUDIO кеңістігінде J.KIM поп-ап дүкеншесі ұйымдастырылмақ. Келушілер мұнда брендтің негізгі топтамасымен танысумен қоса, Chilla Resort атты жаңа капсуласын алғашқылардың бірі болып тамашалай алады. Бұл топтама әрбір бұйымымен жайнаған өзбек жазының самалын сездіріп, көптен күткен демалыстың қуатын сыйлайтын болады.
J.KIM – дизайнер Женя Ким негізін қалаған тәуелсіз бренд. Оның әр туындысы корей және Орта Азия мәдениетінің тынысын, заманауи пішімдер мен минималистік эстетиканың үйлесімін айқын сездіріп тұрады.
Келемін деушілерге есік ашық: Чайковский көшесі, 208-үй. Жұмыс кестесі: 28 маусым (сенбі) 12:00-ден 20:00-ге дейін, 29 маусым (жексенбі) 12:00-ден 18:00-ге дейін.