Diesel бразилиялық Melissa брендімен бірігіп, кибер-флюидті пластик аяқ киімдер топтамасын ұсынды
Melissa Quantum + Diesel коллаборациясы – жай ғана эстетика шеңберінен шығатын инновациялық дизайнның манифесі. Оп-арт өнерінен шабыттанған Melissa дизайнерлері Diesel брендінің монограммасын қайта пайымдап, нәтижесінде бедерлі әрі көз тартатын аяқ киімдер топтамасын жасап шығарды. Топтамаға брендтің фирмалық «желе» пластигінен жасалған, ағынды силуэті бар үш модель кіреді: Quantum Thong жағажай аяқ киімі, платформадағы Quantum Platform мюлиі және тұтас Quantum Sneaker X кроссовкасы. Топтама толығымен арнайы әзірленген иілгіш Melflex™ термопластигінен қолмен жасалған. Бұл материал гипоаллергенді, ылғалдың әсерінен бұзылмайды, аяқтың пішініне оңай икемделеді, иісі жоқ және толықтай қайта өңделгеннен де өз қасиеттерін сақтап тұрады.