Шебер культтік сипатқа ие болған Lady Dior сөмкесін табиғи оксидтер мен минералдардан жасап шығарды.
Айзек Монте – Роттердамда тұратын бельгиялық дизайнер. Оның жобалары технологияны, өнерді және ғылымды ұштастырады. Монте ерекше органикалық материалдармен жұмыс істеп, орнықты даму идеясын дәріптейді әрі түрлі трансформациялар мен метаморфозаларға қызығушылық танытады. Dior-мен бірлесе отырып жүзеге асырған жобасы аясында шебер аты аңызға айналған Lady Dior сөмкесінің кристалданған нұсқасын ұсынды. Коллаборация сән үйінің Венадағы флагмандық бутигінің ашылуына орайластырылған көрінеді. Жаңа дүкеннің сөрелері түрлі-түсті жылтырақ минералдардан жасалған cannage өрімі бар сөмкелермен безендірілді.



