Екі бренд Нью-Йорк рухынан шабыттанған ерекше топтама шығарды
Marc Jacobs британдық Mowalola брендімен бірігіп, капсулалық топтама ұсынды. Бұл топтамада Нью-Йорк авангарды мен 2000-жылдардың эстетикасы – қысқа топтар (кроп-топ), үлкен XL-сөмкелер, ашық түсті принттер және ірі логотиптер үйлесім тапқан. Mowalola-ның заманауи көзқарасы Marc Jacobs-тың классикалық пішіндеріне ерекше батылдық сыйлады. Мысалы, былғары Circle Bag енді металл тойтармалармен безендірілсе, Sack Bag сөмкесіне контрастты графикалық принт қосылған, ал ірі білезіктер жаңа гибридті логотиппен толықтырылған.
Бұл – Нигериядан шыққан британдық дизайнер әрі брендтің негізін қалаушы Моалола Огунлеси үшін ең ауқымды серіктестік. Ол өз жұмыстарында қара нәсілділердің заманауи болмысын зерттеп, пішіндермен тәжірибе жасап, ерлер мен әйелдер стилінің арасындағы шекараны жояды.
Топтама көпшілік үшін күтпеген жерден шықты: Моалоланың өзі, панк-рэп жұлдызы Rico Nasty және нигериялық әртіс Deto Black қатысқан жарнамалық науқан Instagram-да ешқандай алдын ала хабарландырусыз жарияланып кетті.