IMAGE imdb.com

Уэс Андерсон мен Oliver Peoples брендінің The Phoenician Scheme фильмінің премьерасына орай жасаған коллаборациясы туралы әңгімелейміз

Бұл көзілдірікті The Phoenician Scheme фильміндегі рөлін Бенисио дель Торо сомдаған бас кейіпкер тағады. Oliver Peoples оны режиссердің арнайы тапсырысы бойынша жасаған екен. Әйнегі қоңыр, өзі қою махагон түсті қолдан жасалған көзілдірік. Жа-Жа Корданың винтаж образын қайталағысы келетіндер бұл көзілдірікті Нью-Йорктегі Oliver Peoples бутиктерінен сатып ала алады. Алайда сатылымға тек 10 дана шықпақ. Имегіне бірегей нөмір, Anderson / Del Toro нақыштамасы және фильмнің логотипі салынған. Сондай-ақ комплектіге фирмалық қап, көзілдірік сүртетін орамал және қаптың қорабы кіреді.

Oliver Peoples кинематографистермен бұған дейін де жұмыс істеген болатын. Брендтің көзілдіріктерін To Kill a Mockingbird, American Psycho және Jurassic World фильмдерінен байқауға болады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @thephoenicianscheme
Tatler Asia