Зендаяның Met Gala 2025-ке Burberry образын сомдап баратыны айдан анық болды
Burberry Зендая, Льюис Хэмилтон және Винус Уильямс сынды жұлдыздарды киіндірген әйгілі стилист Ло Роучпен күш біріктірді. Олар жылдың басты сән кеші Met Gala 2025-ке арнап креативті концепция ойлап тауып жатыр. Костюм Институтының Superfine: Tailoring Black Style тақырыбын иемденген биылғы кеші мамырдың бесіне жоспарланған.
«Ло өзінің сән мен мәдениетке деген бірегей көзқарасының арқасында стиль шекарасын ығыстырып келеді. Биылғы Met Gala аясында бірге жұмыс істеп жатқанымызға қуаныштымыз», – деді Burberry-дің креативті директоры Дэниель Ли.
Burberry Роучты «имидж сәулетшісі» атап, оның жай ғана консультант емес, брендтің іс-шара аясындағы визуалды концепциясы авторларының бірі екеніне нұсқайды. Кештегі Burberry үстелін безендіруге жауапты Роуч брендтің кеш аясындағы «сәнімен» де айналыспақ.
«Met Gala – мүмкіндік шегіндегі шығармашылық, яғни Burberry ДНҚ-сы. Дэниель Лидің көзқарасына, оның британдық сәнді қайта жаңғыртуына қашан да тәнтімін», – деп атап өтті Роуч.