Tatler Kazakhstan үшін арт-директор Ілияс Әукебаев пен фотограф Никита Шалетин Алматы облысының Алға ауылы маңында арнайы фотосессия өткізді
Алматының күзі ерекше жайлы: күннің сәулесі әлі төбеңді қыздырғанымен, салқын жел бетіңді аймалайды. Осындай сәтте барлық істі кейінге ысырып, қағазбастылықтан, дедлайндар мен онлайн-кездесулерден алыс, тыныш бір жерге тығылғың келеді. Жылы көрпеге оранып, матчаның орнына асқабақты латте ішіп, теледидардан «Gilmore Girls» сериалын қайталап көргің келеді.
Біздің фотосессиямыздың кейіпкерлері сол күйбең тірліктен құтылып, қала сыртына аттанды. Олардың мақсаты – осы жылда соңғы рет сарғайған шөптің үстінде жатып, жаздың соңғы сәттерін сезіну. Олардың сәнді образдары қалалық контекстен шығып, біртіндеп табиғатпен біте қайнаса бастады. Дәл сол сәтте олар бостандықты сезініп, табиғатпен біртұтас күйге енді.



