The Row шәркейі, Skims-тің ақ тобы, Adidas спринтер шорты – The Lyst Index бойынша ең сұранысқа ие үш тауар
Lyst платформасы 2025 жылдың екінші тоқсанындағы ең сұранысқа ие сән брендтері мен өнімдерінің кезекті рейтингін – The Lyst Index есебін жария етті. Бұл есеп көрсеткендей, экономикалық тұрақсыздық пен рецессия қаупіне қарамастан, сән индустриясы дамуын тоқтатпайды. Бұрынғысынша, Lyst қолданушылары өздерінің жеке стилін аксессуарлар, зергерлік бұйымдар және аяқ киім сияқты қолжетімді детальдар арқылы көрсетуге ұмтылады.
The Lyst Index рейтингінің көшбасшысы The Row брендінің Dune шәркейі болып шықты. Бұл аяқ киіммен актер Джонатан Бейли «Jurassic World Rebirth» фильмінің пресс-туры кезінде көпшілік алдына шыққан еді. Екінші орынға Skims брендінің тобы жайғасса, үшінші орынды Adidas Adicolor Sprinter Shorts шорты иеленді. Ал аксессуарлар арасында Juju Vera-ның қабыршақ-алқасы ең сұранысқа ие деп танылды.



