IMAGE Dior

The Dior Lucky – сәттілік әкелетін кеді

Өздеріңіз білетіндей, жақында ғана Джонатан Андерсон Dior сән үйінің креативті директоры болып тағайындалды. Ол бұл жаңалықтан соң ол өз Instagram парақшасында төрт жапырақты жоңышқа сынды жұмбақ символдар жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді. Жоңышқа – сәттілік символы, енді, міне, Dior сән үйі осы тақырыпты жалғастырып, The Dior Lucky атты жаңа кедісін таныстырды. Бұл үлгі Fall 2025 топтамасына арналған бұрынғы команданың жұмысы болғанына қарамастан, онда Dior тарихындағы жаңа дәуірдің лебі сезіледі. Жаңа тарауды сәл ғана сәттілікпен бастау – керемет ой.

Бұл – күнделікті базалық кедіге нәзіктік дарытқан жаңа тыныс: модельде сатин, күдері мен барқыт материалдары үйлесім тапқан. Қара түстен бөлек, топтамада крем, опа және ашық көгілдір секілді нәзік реңктер де бар. Кедінің табаны жұқа, бауы жалпақ, ал бүйіріне алтын түспен Christian Dior Paris деп жазылған. Ерекшелікті қалайтындар үшін арнайы Lucky Charms тұмарлары да қарастырылған. Олардың қатарында жұлдызшалар, жоңышқалар және кезінде месье Диордың өзі қалтасында алып жүрген басқа да белгілер бар.

Tatler Asia
IMAGE Dior
Tatler Asia

Темы