Dior сән үйі жаңа туындысы Cherry Blossom сөмкесін көпшілікке ұсынды
Dior «Lady Dior» сөмкесінің кезекті жаңартылған нұсқасын ұсынды. 2025 жылдың күз қарсаңы топтамасынан шыққан Cherry Blossom сөмкесі алғаш рет Киотода көрсетілді. Атауы «шие гүлінің ашылуы» деп аударылады. Себебі Жапонияда дәл осы көктемнің соңында шырынды шие жемісі гүл ашады. Cherry Blossom дизайнында қатаңдық пен ойнақылық үйлесім тапқан. Бұйымның әрбір бөлшегіне айрықша назар аударылған: Christian Dior жазуы бар былғары кірістірмесі мен D, I, O, R әріптерінен құралған металл салпыншақтары көз тартады. Қанық бургунди түсті былғарының бетіне шие ағашының бұтағы кестеленіп салынған. Ал оның гүлдері қырлы моншақтармен әсемделген. Шеберлердің асқан өнерінің арқасында сурет тіріліп, шие бұтағы сөмкенің қабырғаларын үздіксіз орап тұрады. Бөлшектердің біртұтас өнімге айналмас бұрын жеке-жеке өңделгенін атап өткен жөн. Осылайша, Dior поэзия мен кемелдіктің тағы бір салтанатты сәтін паш етті.



