Vacheron Constantin өзінің 270 жылдық мерейтойын Шанхайдағы ерекше көрмемен бастады. Бұл – брендтің әлемдік турнесінің алғашқы аялдамасы
Швейцариялық сағат өндірушісі Vacheron Constantin ұсынған «The Quest: 270 Years of Seeking Excellence» атты көрмесі – брендтің шеберлік, инновация және мәдениет саласындағы бай мұрасына жасаған терең саяхаты.
Көрме бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрады. Олар брендтің аты аңызға айналған тарихын, көркем қолөнердегі озық шеберлігін, әлем мәдениеттерімен байланысын және Луврмен серіктестігін баяндайды. Көрменің соңғы бөлімі уақыт, ғарыш және мануфактураның болашағы туралы ой-толғамдарға арналған. Сондай-ақ, мерейтойға орай жасалған жаңа сағат үлгілері де осы жерде алғаш рет таныстырылды. Көрме 20 шілдеге дейін жалғасады.
Бұл турне үшін Шанхай қаласының бекер таңдалмағаны анық – Vacheron Constantin брендінің Қытай нарығындағы тарихы 180 жылдан асады. Осыған орай, көрменің шанхайлық кезеңі үшін тек Қытай нарығына арналған эксклюзивті сағаттар топтамасы дайындалған. Шанхайдан кейін бұл бірегей көрме әлемнің басқа да ірі қалаларына сапар шекпек.