Трамелл Тиллман, Зои Салдана, Разан Джаммаль және өзге де жұлдыздар Cartier-нің қандай әшекейлерімен сәнделді?
Биыл да Cartier сән үйі Көк жағалаудың жүрегіндегі кино өнерінің айтулы оқиғасымен қайта қауышты. Аңызға айналған зергерлік брендтің асыл бұйымдарын үйдің елшілері мен жақын достары таңдап, Cartier-ге ғана тән еркіндік рухын, өнерге деген құштарлық пен мінсіз шеберлікті паш етті. Олардың арасында актрисалар Зои Салдана, Юсра, Сюзанна Вюст, Лена Урцендовски, Разан Джаммаль, Анушка Делон, тележүргізуші Райя Абирашед, кинопродюсер Мохаммед әл-Турки және «Severance» телехикаясының жұлдызы Трамелл Тиллман да болды. Канн кинофестивалінің қызыл кілемінде жұлдыздар Cartier-нің қай туындыларымен өз образдарына сән қосқанын баяндаймыз.
Зои Салдана
Зоидің таңдауы Cartier Collection топтамасының жарқыраған гауһар тастарымен безендірілген ақ алтын сырғаларға түсті. Сонымен қатар ол Géométrie & Contrast топтамасынан геометриялық өрнегімен ерекшеленетін Abstraction Géométrique білезігін де тақты. Күн шуағындай сары және ай нұрындай ақ алтыннан жасалған, қара оникс және мөлдір гауһар тастармен әсемделген бұл бұйым оның образына ерекше сән берді.