Әлемге әйгілі Cartier сән үйінің Алматыдағы жаңарған бутигінің салтанатпен ашылу рәсімі туралы баяндаймыз

Бутик Қазақстанның бай табиғаты мен Ұлы Жібек жолының рухынан шабыт алған жаңа интерьерімен көз тартады. Шампан түстес қасбет, еркіндік пен сұлулықтың бейнесі – пантера мүсіні, қызғалдақ басқан даланың әсемдігі және тау көлінің мөлдір ажары... Мұндай ғажайып көріністі бұрын тек саяхат кітаптарынан іздесеңіз, енді қаланың қақ ортасынан тамашалай аласыз.

Ашылу салтанатын VILED Group бас директоры Айгүл Әміржанова мен Cartier сән үйінің коммерциялық директоры Алессандро Патти ерекше салтанатпен өткізді. Олар Орталық Азия мәдени кодтары Cartier-нің нәзік эстетикасымен тоғысқан жаңа бутик кеңістігін көпшілік назарына ұсынды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 19
Фото 2 из 19
Фото 3 из 19
Фото 4 из 19
Фото 5 из 19
Фото 6 из 19
Фото 7 из 19
Фото 8 из 19
Фото 9 из 19
Фото 10 из 19
Фото 11 из 19
Фото 12 из 19
Фото 13 из 19
Фото 14 из 19
Фото 15 из 19
Фото 16 из 19
Фото 17 из 19
Фото 18 из 19
Фото 19 из 19

Ашылу құрметіне ұйымдастырылған гала-кештің шарықтау шегі Cartier-нің сән көрсетілімі болды. Мәрмәр баспалдақпен сәнді қадам басқан модельдер әйгілі сән үйінің үздік зергерлік туындыларын паш етті.

Ал мына көрініс нағыз кинотуындыға бергісіз: Tatler журналының мұқабасының көркі, опера дивасы Әйгерім Шәріпбек «Gentlemen Prefer Blondes» фильміндегі Мэрилин Монро стиліндегі қызғылт көйлекте жарқырап көрінді. Мәдениет қайраткерлерімен қоса, өнер әлемінің майталмандары мен барша гламур тұлғалар бір залда бас қосты.

Кеш жаңа бастаманың сәтті қадамы болғаны сөзсіз, сонымен қатар асыл тастарды паш етуге керемет мүмкіндік берген іс-шара болды.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 12
Фото 2 из 12
Фото 3 из 12
Фото 4 из 12
Фото 5 из 12
Фото 6 из 12
Фото 7 из 12
Фото 8 из 12
Фото 9 из 12
Фото 10 из 12
Фото 11 из 12
Фото 12 из 12

Темы