Қытай Жаңа жылына арналған зергерлік және сағат брендтерінің су жаңа туындылары
Қытай жаңа жылы басталды. Оның осы жолғы символы – жасыл ағаш жылан. Ол даналықтың, жаңарудың және өмірлік қуаттың белгісі. 2025 жылы осы қасиеттер барлығымызға серік болсын деген тілекпен жылан жылын атап өту үшін жылан пішінді сағаттар мен зергерлік әшекейлер топтамасын ұсынамыз.
Hublot Spirit of Big Bang Year of the Snake
Hublot бренді LVMH Watch Week 2025 аясында Spirit of Big Bang Year of the Snake атты шектеулі коллекциясын ұсынды. Сағаттың 42 мм корпусы қара керамикадан жасалған. Оның өзін құмды тәсілмен өңдеп, жылтыр жабын жалатқан. Бедерлі безель мен каучук бауы жылан терісінің текстурасымен әрленген. Сапфир әйнегінің астына алтын түсті жылтыр «жылан» өрнегі салынған. Ал бұйымның хақ жүрегінде – HUB4700 механизмі кремнийден жасалған жүріс реттегішімен бір ритмді ұстап тұр. Еске сала кетейік, бұл ерекше үлгі 88 данамен ғана шығарылды.


Jaeger-LeCoultre Reverso Tribute Eamel Snake
Jaeger-LeCoultre шеберлері жасаған ерекше туынды. Métiers Rares ательесінің зергерлері Grand Feu эмалімен қапталған қара циферблат пен корпустың артқы жағын дайындады. Сағат қара аллигатор былғары баумен толықтырылған. Қолмен оюланған жылан бейнесін жасауға 80 сағат жұмсалған. Ал ішкі механизмі – қолмен бұралатын 822 калибрі.