IMAGE Boucheron

Boucheron зергерлері табиғаттың нәзік сұлулығын бағалы әшекейге айналдырды

Икебана өнері, жапондықтардың солып бара жатқан гүлдің сұлулығына деген сағынышы және француздардың сән-салтанатқа құштарлығы... Осы үшеуі қосылса не шығады? Дәл осы сұраққа жауап ретінде Boucheron зергерлік үйі Carte Blanche 2025: Impermanence атты жаңа топтамасын ұсынды.

Брендтің креативті директоры Клэр Шуан бұл жолы ерекше идеяны қолға алған. Ол табиғаттың енді ғайып болып бара жатқан нәзік сәтін тоқтатып, оны зергерлік бұйымға айналдырғысы келген. Топтамада 28 түрлі трансформер-әшекей бар. Олардың барлығы гүл, жапырақ, жәндік немесе шыны құмыра кейпінде жасалған. Әрқайсысы бір сәтке қатып қалғандай әсер қалдырады. Дизайнердің басты ойы – «мәңгілікті» іздеп жүргенде байқалмай қалатын табиғаттың өткінші сұлулығын көрсету. Топтамадағы алты композиция осы қоштасу сәтін баяндайды. Санақ кері жүреді: №6-дан №1-ге, жарықтан көлеңкеге, өмірден өшуге қарай.

№6: Қызғалдақ, эвкалипт, инелік

Боросиликатты шыны бұл композицияны әуеде қалқып тұрғандай жеңіл етіп көрсетеді. Ауадан қиып алғандай көрінетін қызғалдақ пен эвкалипттің жанында сапфир шыны мен інжуден жасалған инелік бар. Гүлдер брошь немесе шаш әшекейіне, ал инелік сырғаға айналады. Бұл туындыға 1860 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°6 | Boucheron
Tatler Asia
Tatler Asia

№5: Тікенекгүл және мүйізтұмсық қоңыз

Тікенекгүл шайырдан жасалған өткір тікенектермен, 800 гауһар таспен және инновациялық Сouture бекіту техникасымен ерекшеленеді. Ол брошь немесе екі саусаққа арналған сақинаға, ал мүйізтұмсық қоңыз брошьқа айналады. Материалдары: ақ керамика, алтын, биоыдырамалы бау. Бұл туындыға 2880 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°5 | Boucheron
Tatler Asia
Tatler Asia

№4: Цикламен, сұлы, жұлдызқұрт, көбелек

Гүлдер ауада қалқып тұрғандай әсер қалдырады. Күлтелері гауһар таспен көмкерілген, сабақтары титаннан, ал тостағанша жапырақтары тау хрусталінен жасалған. Тірі жұлдызқұрттан аумайтын бейнесі таңғалдырса, көбелек қара лакпен және Snow setting техникасымен көз тартады. Бұйым шаш әшекейіне, білезікке немесе брошьқа оңай айналады. Бұл туындыға 4279 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°4 | Boucheron
Tatler Asia
Tatler Asia

№3: Ирис, глициния, бұғы қоңыз

Ирис гүлі қара DLC (алмас тәрізді жабын) фонында гауһар тастармен жарқырайды. Ал глицинияның өзі жеп-жеңіл боп әсем төгіліп тұр; титан, алюминий және керамика оған салмақсыздық сыйлайды. Композицияны титан, алтын және шпинельден жасалған бұғы қоңыз түйіндейді. Бұйымдардың бәрі бір-біріне ауысады: ирис брошьқа, ал глициния шаш немесе киім әшекейіне айналады. Бұл туындыға 4685 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°3 | Boucheron
Tatler Asia
Tatler Asia

No2: Магнолия және таяқша жәндік

Бұтақта гүлдің тек қаңқасы ғана қалғандай. Оның негізі – алюминий мен қара керамика. Родиймен қапталып, гауһар тастармен жарқырап тұр. Таяқша жәндік микронға дейінгі дәлдікпен жасалған. Әшекейлер жағаға тағатын әшекейге, шаш қыстырғышқа, брошьқа айналады. Бұл туындыға 3190 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°2 | Boucheron
Tatler Asia

№1: Көкнәр, жұпар бұршақ, көбелек

Топтамадағы ең нәзік, ең өткінші композиция. Гүлдер алтын, авантюрин, қара шпинель және Vantablack®-тан жасалған. Бұл – жарықты түгелдей дерлік жұтып қоятын ерекше материал. Әр бөлшегі бөлек әшекейге айналады: көкнәр – брошь, сабағы – шаш әшекейі, жұпар бұршақ – білезік, ал көбелек – клипса. Бұл туындыға 2004 сағат жұмсалған.

Tatler Asia
IMAGE Composition N°1 | Boucheron
Tatler Asia

Темы