IMAGE Приянка Чопра Джонас Bvlgari үшін түсірілімде

Актриса әрі Bvlgari елшісі Приянка Чопра Джонас Лючия Сильвестримен бірге Қызғылт қаланың қақ жүрегіне асыл тастарды іздеуге аттанды

Приянка Чопра Джонас Bvlgari креативті директоры Лючия Сильвестримен бірге Джайпурға сапар шекті. Мақсат – болашақ зергерлік өнердің жауһарларына арналған асыл тастарды табу. Қызғылт қала оларды шуақты көшелерімен, базарлардың ду-думанымен және әр тасы тарихтан сыр шертетін сөрелерімен қарсы алды. Лючия Приянканы бөгде көзден таса, сирек адам аяғы басатын шеберханаларға алып кірді. Дәл сол жерде тас қырушы шеберлер сағаттап отырып, рубеллит, изумруд және сапфир тастарын сиқырлы ғажайыпқа айналдырады.

Приянка үшін туған жері Джайпурға бұл саяхат балалық шағына қайта оралып, төл мәдениетінің жаңа қырын ашқандай әсер қалдырды. Табылған әрбір асыл тас – болашақ әшекейдің алғашқы қадамы. Енді оларды алда Рим күтіп тұр. Дәл сол жерде зергерлік саяхаттың жаңа тарауы басталады: табылған қазыналар Bvlgari жауһарларына айналмақ.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 7 Bvlgari
Фото 2 из 7 Bvlgari
Фото 3 из 7 Bvlgari
Фото 4 из 7 Bvlgari
Фото 5 из 7 Bvlgari
Фото 6 из 7 Bvlgari
Фото 7 из 7 Bvlgari

Темы