IMAGE Фаберже | faberge.com

Енді Fabergé зергерлік үйі SMG Capital компаниясына тиесілі

SMG Capital Fabergé брендін рекордтық 50 миллион долларға сатып алды. Сергей Мосунов – АҚШ-та орналасқан SMG Capital инвестициялық компаниясының негізін қалаушы. Кәсіпкер бұл мәміле әлемдік нарықта түрлі елдер арасындағы саяси байланыстарды да нығайтады деп үміттенеді. 2024 жылы зергерлік үйдің түсімі 13,4 миллион долларды құраған.

Fabergé зергерлік үйі 2012 жылдан бері бағалы тастарды өндіруге, өңдеуге және сатуға маманданған Gemfields компаниясына тиесілі болған. Компания бұл брендті бизнесті дамыту және жеке зергерлік өнімдерін ілгерілету үшін пайдаланып келді. Сатылымнан түскен қаражат Gemfields-тің Мозамбик пен Замбиядағы тау-кен кәсіпорындарына бағытталады.

Темы