Cartier алқалы сағатын таққан Рианна Met Gala 2025-ке бәрібір кешігіп келді
Дүйсенбі күні Нью-Йорк қаласындағы Метрополитен музейінде жылдың ең маңызды сәнді іс-шарасы – Met Gala 2025 өтті. Биылғы тақырып – көпқырлы, маңызды әрі шыны керек күрделі Superfine: Tailoring Black Style. Қауырсынды костюммен шектелетін дүние емес, әрине. Бұл – саяси мәлімдемеге арналған стиль. Мұра. Үні жаңғыра түсетін пішін.
Біз образдармен қатар Метрополитен музейіндегі көрмеде жасырын қалған мәнге көңіл бөлдік. Алайда жалтылдаған әшекей бұйымдарға қарамай қоя алмадық, өйткені олар образдарды толықтырып қана қоймай, өз бетімен диалог жүргізді. Асыл таспен көмкерілген бұл диалог анық естілді.
Cartier
Биыл Cartier-нің үні қатты шықты. Кешке кешігіп келген Рианнаның Cartier сағаты алқа қызметін атқарған көрінеді. Гауһар тас жарқырағанда уақыт екінші планда қалады. Карли Клосс қызыл кілемге Panthère de Cartier-нің азулы энергетикасын әкелсе, қара нәсілді мәдениет иконасы Даппер Дэн 1983 жылғы сары алтыннан жасалған архивтік көзілдірік пен 1936 жылғы раушан бейнесіндегі танамоншақ тағып келді. Дилджит Досанджа жолбарыс бейнесіндегі қозғалмалы табаны бар бриллиант білезік, ал Джон Батиста қалпақтағы қоян бейнесіндегі сиқырлы танамоншақ тақты. Салмақты классиканы да, зергерлік арт объектілерді де қамтыған Cartier әшекейдің көйлектен де маңызды болуы мүмкін екен тағы бір мәрте дәлелдеді. Шыны керек, солай болды.
Boucheron
Boucheron биыл тәуекелге бел буып, өз ережесімен жүріп көрді: ассиметрия, алтын, хрусталь, жылан, театрға тән эстетика және азын-аулақ ессіздік. Колман Доминго да сыпайылық танытқан жоқ. Iceberg алқасы, Padma Cristal, Plume de Paon, Quatre Radiant және Black Edition сақиналары, сондай-ақ есімізден шықпай қойған ғажап Serpent Bohème кафы. Шути Гатва ақпен бірге болғысы келіп, суық реңкті, минималистік әрі бозғылт – айсберг іспетті бұйымдар тақты. Ким Кардашьян болса, алмұрт тәріздес бриллианты бар Vendôme Liseré сақинасы сынды бір ғана бұйымның өзі жеткілікті екенін дәлелдеді. Мұнда жылан бейнесіндегі клипса да, екі саусаққа тағатын сақина да, образды шарықтау жегіне жеткізетін әшекейге тән mood та болды.