Көрмеге нағыз лайық жан болса, ол – Вирджил Абло
Virgil Abloh: The Codes («Вирджил Абло кодтары») көрмесі Париждегі Гран-Пале сарайында 30 қыркүйекте – дизайнердің туған күнінде ашылады. Бұл 2022 жылы өткен көрменің жалғасы болып, оныншы қазанға дейін созылады. Көрменің кураторлары – Хлоя мен Махфуз Султан. Олар Virgil Abloh Archive™ мұрағатын басқарып, Virgil Abloh Foundation қорымен белсенді жұмыс істейді. Шеннон Абло – дизайнердің жары әрі оның есіміндегі қордың негізін қалаушы. Ол бұл мұрағаттың келешекте шабыт пен білімнің сарқылмас бұлағына айналарына сенеді. «Бұл көрме – Вирджилдің мұрасын дамыту жолындағы жұмысымыздың бастамасы ғана. Осылайша біз оның ақпаратты баршаға қолжетімді етуге деген шексіз ұмтылысын қолдаймыз», – дейді Шеннон.