«Die, My Love» - ессіздікке ұласқан махаббат хикаясы
Желіде «Die, My Love» атты тұрмыстық триллердің алғашқы трейлері пайда болды. Бұл – Ариана Харвичтің аттас романының экранизациясы. Сюжет желісі Нью-Йорктің шулы өмірінен бас тартып, қала сыртындағы үйге көшкен Грейс пен Джексонның оқиғасына құрылған. Сол жерде ерлі-зайыптының баласы дүниеге келіп, Грейс босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырайды. Орманның шетіндегі үйде жалғыздық пен ана болу міндеттерінің қысымымен жас ананың психикасы біртіндеп бұзыла бастайды. Ақырында кейіпкер өзін-өзі бақылаудан айырылып, шынайы өмірмен байланысын үзіп, отбасылық өмірін күйретеді.
Фильмде басты рөлдерді Дженнифер Лоуренс пен Роберт Паттинсон сомдаса, оның режиссері – «Что-то не так с Кевином» және «Тебя никогда здесь не было» фильмдерінің авторы Линн Рэмси. Картинаның продюсері – Мартин Скорсезе.
«Die, My Love» премьерасы 2025 жылдың 7 қарашасына жоспарланған.