IMAGE Фото: Тиимур Омуралиев

Tatler редакциясы Kilemger-ді Алматының бір көшесінде байқап қалып, ізіне түсіп, сыртынан түсіріп алды. Кешір, Kilemger, біз шыдай алмадық: стиль, болмыс, харизма – бәрі бір жерде тоғысқан еді

Абай (Kilemger) – Семей қаласының тумасы. Алматы қаласына келіп, өз бағын сынап жүрген жас орындаушы. Жақында Kilemger-дің Aspan атты жаңа әні шықты. Жас әнші өзінің шығармашылығында махаббат, бостандық, өмір туралы тақырыптарды қозғайды. Жақында оның Аlasapyran атты екінші альбомы жарық көреді. 

«Аlasapyran деген – мен үшін дауыл, қирату деген мағынананы білдіреді. Егер жаңа альбомымды бір сөзбен сипаттасам – ол «өзгеріс» болушы еді. Өйткені көзқарасым, стилім, тіпті дыбыс, мәтін, жанрлар жаңарды. Былайша айтқанда өзімді еркін, сенімді ұстадым. Альбомның соңын «bari bir» дейтін трекпен аяқтадым. Оның да себебі бар. Басында бұл трек өзімнің ауылымдағы тұрғындарға дисс болатын. Олар әрбір әрекетіме, киіміме, музыкама күлетін әрі сөгетін. Бірақ не болса да маған бәрібір және бәрі бір екенін қабылдадым. Сол үшін осы альбомыммен қандай жағдай болмасын, адамдардың сөзіне мән бермей, өз жолыңмен тура, ешқайда бұрылмастан алға басу керек екенін жеткізгім келді», – дейді Kilemger.

Kilemger үшін биылғы жаз әндер, жаңа идеялар мен фестивальдерге толы. Tatler бұл жолы Kilemger-ді аңдып қана қоймай, шабыттың соңынан жүрген жастың жүрегіндегі дауылды байқап қайтты.