Am I The Drama? альбомының шығарылымы қарсаңында Карди Би Нью-Йорк көшесінде винил сатып, көпшілікті таңғалдырды
Карди Би Нью-Йорк көшелерінің бірінде кәдімгі картон қорапты жайып салып, өзінің винил мен CD-дискілерін сата бастады. Көше саудагерінің образына енген рэпер осылайша 19 қыркүйекте жарық көретін Am I The Drama? атты жаңа альбомын жарнамалап жүр.
Сатылымға қойылған пластинкалардың мұқабасы да жайдан-жай емес. Онда жақында ғана гинекологиялық орталықтың күзетшісіне шабуыл жасады деген айыппен өткен сот залынан алынған кадрлар бейнеленген. Сот отырысының YouTube-тағы тікелей эфирі лезде мемдерге тарап кеткенде, Карди еш қысылмастан, солардың бірін өз альбомының ресми мұқабасына айналдыра салды. Дегенмен, бұл хикаяның соңы сәтті болды: сот рэп-жұлдызын кінәсіз деп тауып, мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды.