Памела Андерсон продюсерлік компания ашып, «Не называй меня малышкой» фильмінің ремейкін шығаруда
Памела Андерсон ұлдары Брэндон Томас Ли және Дилан Джаггер Лимен бірге And-Her-Sons Productions атты продюсерлік компания ашып, отбасылық кәсіпті бастап жатыр. Бұл таңқаларлық емес, себебі ана мен баланың шығармашылық дуэті бұған дейін де оң жемісін берген болатын. 2024 жылы Андерсон Брэндон Томас Ли атқарушы продюсер болған «Шоугерл» (Showgirl) фильмінде басты рөлді сомдады. Бұл рөлі үшін актриса сыншылардың жоғары бағасын алып, «Оскар» және «Алтын глобус» сыйлықтарына ұсынылды.
And-Her-Sons Productions компаниясының алғашқы жұмысы – 1996 жылы Памеланың қатысуымен түсірілген «Не называй меня малышкой» (Barb Wire) фильмінің желісімен сериал шығару болмақ. Фильм Dark Horse Comics комикстерінің кейіпкері – сексуалды аққұба ару Барб Уайрдың шытырман оқиғалары туралы баяндайды. «Бұрынғы Барб» экранға қайта орала ма, жоқ па – ол жағы әзірге белгісіз.