IMAGE Даниил Медведев | «Алатау» теннис орталығы ұсынған фото

Алматыда ашылған «Алатау» ірі теннис орталығы туралы баяндаймыз

Алматыда Қазақстан Теннис федерациясының қолдауымен салынған 39-шы теннис орталығы – «Алатау» өз есігін ашты. Аумағы бес мың шаршы метрді құрайтын кешенде 14 корт, жаттығу залы, медициналық кабинет, конференц-зал және әкімшілік блок орналасқан. «Федерацияның стратегиялық міндеттерінің бірі – тенниспен айналысатындардың санын арттырып, қазақстандықтар арасында салауатты өмір салтын насихаттау», – деп атап өтті федерация президенті Болат Өтемұратов. Соңғы 18 жылда спортты дамытуға салынған жеке инвестициялардың жалпы көлемі 200 миллион доллардан асқаны белгілі.

Орталықтың ашылу салтанаты 11-19 қазан аралығында Almaty Arena-да өтіп жатқан АТР 250 Almaty Open турнирі кезінде өтті. Осы орайда, халықаралық теннисшілер Даниил Медведев, Карен Хачанов, Александр Шевченко, Бейбіт Жукаев және Флавио Коболли балаларға арнап шеберлік сабақтарын өткізіп, орталық аумағына ағаш отырғызды.

Tatler Asia
IMAGE «Алатау» теннис орталығы ұсынған фото
Tatler Asia
IMAGE «Алатау» теннис орталығы ұсынған фото

Негізгі серіктестердің бірі – Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.

Темы