IMAGE Лейпцигтегі теміржол станциясы I Unsplash

Uber Trains – Еуропа бойынша қатынайтын жоғары жылдамдықты пойыздар туралы не белгілі?

Uber компаниясы Gemini Trains стартапымен бірігіп, Лондоннан Парижге, Брюссельге және Лилльге қатынайтын жоғары жылдамдықты пойыздар желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Британдық стартап бұл жоба арқылы клиенттердің мүддесіне баса назар аудара отырып, «теміржол тасымалын қайта жандандыруды» мақсат тұтады.

Жаңа пойыздар орталық Лондон вокзалдарындағы кептелісті азайту мақсатында Стратфордтан аттанып, Кентте қосымша аялдама жасайтын болады. Бұл қадам америкалық компанияның Еуропаның көлік нарығын толықтай бағындыруына жол ашпақ. Қазірдің өзінде Uber қосымшасы арқылы такси шақырудан бастап, велосипед жалдауға, тіпті Темза бойымен круизге тапсырыс беруге дейін болады. Тестілік рейстер 2029 жылдан ерте басталмаса да, бұл бағыт қазірдің өзінде ең жылдам, ең жайлы әрі бағасы ең қолжетімді балама ретінде танылып үлгерді.

Темы