IMAGE Barénia Eau de Parfum Intense

Hermès сән үйі Barénia Eau de Parfum Intense атты жаңа жұпар иісін таныстырды

Barénia парфюмі жарық көргеніне бір жыл толғанда, Hermès оның одан да қанық, одан да терең Barénia Eau de Parfum Intense нұсқасын ұсынды. Жаңа жұпар пачулидің тереңдігін, абсолюттің қанықтығын, көбелек лалагүлінің нәзіктігін және ғажайып жидектің сиқырын бойына жинаған. Ал тері сарындары оған құпия мен құштарлықтың бояуын қосады.

«Barénia сіздің ыстық ықыласыңызға үн қатады», – деп сипаттайды бұл жаңа туындыны парфюмер Кристин Нажель. – «Иістер үндесіп, диалог құрайды. Тәттілік оның жабайылау мінезін жұмсартады». Хош иістің осы екіұдай болмысын дизайнер Филипп Муке құты мен қаптаманың дизайнында шебер жеткізген. Құты брендке тән танымал янтарь түсін сақтаса, қаптамасы батыл қызыл түспен ерекшеленеді.

Темы