15 жылдық үзілістен кейін аты аңызға айналған сән үйі бьюти әлемін қайта бағындыруда
Аты аңызға айналған Mugler сән үйі L’Oréal Paris-пен күш біріктіріп, көптен күткен макияж топтамасын ұсынды. Бұл желіге он түрлі реңктегі жеңіл кушондар, кірпікті қалыңдататын тушь, өткір сүрмелер, отты ерін далаптары, стик-хайлайтерлер және көз бояуы палеткалары енген. Негізгі назар Азияда жеңілдігі мен ыңғайлылығы үшін танымал болған кушон форматына аударылған. Науқанның басты жұлдызы – L’Oréal-дың жаһандық амбассадоры Кендалл Дженнер болды. Режиссер Колин Солал Кардо түсірген бұл туындыда модель 90-жылдардағы Mugler-дің тарихи үш образында қайта жаңғырды. Бұл образдар Re/Edit капсулалық топтамасына еніп, сән үйінің өткені мен болашағының арасында алтын көпір орнатты.
Топтама орташа баға сегментінде ұсынылған. Көзге арналған сүрменің бағасы – €14,99, ал кушон мен палеткалар шамамен €24,99 тұрады. Топтама бір мезгілде АҚШ, Еуропа, Қытай, Латын Америкасы және Африка құрлықтарындағы сәнсүйер қауымға жол тартты.