IMAGE Instagram @austinpostapparel

Париждегі нағыз ковбойлар – Austin Post атты жаңа топтамасы қандай әсер қалдырды?

Tesla сияқты корпорациялар салық жеңілдіктері үшін Техасқа қарай ұмтылып, Кендалл Дженнер Монтеситодан сәнді ранчо сатып алып жатқанда, сән әлемін ковбой эстетикасы баурап алуда. Бейонсенің ізін ала, енді жаңа дизайнер Austin Post (бәрімізге Post Malone ретінде танымал) бізге нағыз ковбой бейнесін ұсынып отыр.

Austin Post in Paris топтамасы халықаралық сән апталықтарының кестесінен бұрын, Карл Лагерфельдтің зәулім сарайында таныстырылды. Бұл – айлакер қадам, себебі париждіктер оңтүстік экзотикасы мен ұшы үшкір етіктерге әуес келеді. Подиумда Malone нағыз кантри стилін паш етті: жұмысшы джинсылары, ранчо күртешелері, жұлдызды жинсовкалар, торлы көйлектер, күдері, шашақтар, Dallas Cowboys бейсболкалары. Модельдер стильді париждіктер мен он галлондық шляпа киген ковбойлардың қоспасы іспетті болды. Шоудың соңында подиумға нағыз жылқының өзі шықты. Мұны Кайзер Карлдың өзі мақұлдар ма еді? Бұл сұрақ ашық күйінде қалады.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 13 Instagram @austinpostapparel
Фото 2 из 13
Фото 3 из 13
Фото 4 из 13
Фото 5 из 13
Фото 6 из 13
Фото 7 из 13
Фото 8 из 13
Фото 9 из 13
Фото 10 из 13
Фото 11 из 13
Фото 12 из 13
Фото 13 из 13

Шоуды Malone-ның өзі көк деним мен ковбой шляпасын киіп, күміс грилздерін жарқыратып, қолына сыра бөтелкесін ұстап жапты. «Мен осы керемет қаланы жақсы көремін. Біз неге Парижге Bud Light пен сәл ессіздік алып келмеске деп шештік...» – деді ол.

Темы