Brat summer енді басталмақ: Converse Charli XCX-пен бірлескен жобасын жариялады
Жыртылған, тозығы жеткен кеды – кез келген brat girl-дің басты атрибуты. Енді brat summer мәдени феноменінің жақтаушылары кедыны осы қозғалыстың көшбасшысының өзінен сатып ала алады. Converse Charli XCX-пен бірігіп, әншінің жарқын стилін көрсететін ерекше коллаборация шығарды. Олардың қатарында ән атаулары жазылған нашивкалар, табанындағы жазулар, салпыншақ ретіндегі карабиндер мен кілттер бар.
«Әрине, мен жаңа кеды алу үшін Converse-пен жұмыс істеуге қуанышты болдым. Мен өз кедымды жиі кигенім сонша – аяқ киімім тесіліп қалды», – деп түсініктеме берді Charli XCX.
Лимиттелген топтама 5 тамызда Converse-тің ресми сайтында сатылымға шығады. Құны $100 тұратын аяқ киім шектеулі мөлшерде Астана уақытымен кешкі сағат тоғыздан бастап қолжетімді болады.



