Kering конгломератының акциялары соңғы қаржылық есептің төмен көрсеткішіне байланысты құлдырап жатыр
Керинг компаниясының негізін қалаушы Франсуа Пиноның дәулеті 2021 жылдан бері 69%-ға төмендеп, 18,6 миллиард долларға жетті. Қаржылық есептен 2025 жылдың бірінші тоқсанында брендтің сатылымы 25%-ға төмендегені белгілі болды.
Брендтің бұрынғы шығармашылық директоры Сабато де Сарно компанияның көрсеткіштерін 18%-ға түсірген. Осыдан кейін бренд 2025 жылғы күз-қыс мезгіліне арналған коллекциясын ұсынды. Алайда одан келер пайда шамалы. Табыс үсті-үстіне азайып келеді.
Сарапшылар нәтиже шамамен 3%-ға жоғары болады деп күткен еді. Сондықтан да есептен кейін акциялардың құлдырауы басталды. The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, әлгі жаңалықтан кейін нарықта Gucci акциялары 6%-ға төмендеді.
Осыған байланысты бренд қайта шарықтайды деген үлкен үміт қазір Демна Гвасалияға жүктеледі. Есеп шыққаннан кейін бірден Керинг компаниясы Гвасалияның жұмысқа кірісетінін және осы қыркүйекте Gucci бренді туралы өзінің жаңа көзқарасын көрсететінін хабарлады.