IMAGE Dries Van Noten Men SS 2026 | Spotlight

Джулиан Клауснер Dries Van Noten-дегі дебютінде мінсіз күннің атмосферасын қалай жеткізді?

Бұл жолғы Париж сән апталығы көпшіліктің көңілін қалдырғаны жасырын емес. Louis Vuitton-ның сұрықсыз сөмкелерінен кейін сән әлемі сұр бұлтқа оранғандай еді. Дәл осындай сәтте Dries Van Noten шоуы сол бұлтты серпіп, жарқырап шыққан күндей әсер қалдырды. Брендтің 2026 жылғы көктемгі ерлер топтамасының әрбір образы «Неткен тамаша, керемет күн!» деп айтып тұрғандай.

Дристің орнына келген жаңа креативті директор Джулиан Клауснер брендтің бай мұрасын қалай жалғастырады деген сұрақ көп болды. Ол өзінің дебютінде бұл үдеден толықтай шыға білді: дизайнердің әйгілі бақшасынан шабыт алып, брендке тән нәзік түстер үйлесімі мен ерекше принттерді сақтай отырып, оған өзінің жаңашыл стилистикалық шешімдерін қоса білген.

Клауснердің жаңалығының бірі – смокинг пен классикалық шалбарға қосымша ретінде белге байланған жібек орамал. Бұл феминділікке ұмтылыс емес, керісінше, біз заманауи қарбаласта ұмыт қалдырған жаздың алаңсыздығы мен жеңілдігін еске салу.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Spotlight
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Топтаманың негізгі жұлдызы – әрине, пальто. Әсіресе, модель Али Данияров киіп шыққан, Van Noten бақшасынан алынғандай ашық гүлді принті бар пальто көпшіліктің жүрегін жаулады. Аксессуарлар да назардан тыс қалмаған. Жібек винтаж кроссовкалар, кедының бауы тағылған брогтар, нәзік түсті күдері сөмкелер – осының бәрі образды толықтырып тұр. Бірақ ең ерекшесі – бауға тағылған ірі теңіз қабыршағы. Ол кішкентай су перісінің дауысына айырбастап алған олжасы іспетті.

Бұл топтаманың ерекшелігі – онда басымдыққа ие бірде-бір түстің болмауында. Әрбір реңк пен әрбір принт өз орнымен, өз үнімен ерекшеленеді. Мүмкін, ұрансыз, қысымсыз, шынайы сән инклюзивтілігі деген осы болар. Бұл – Клауснер армандаған, болуы мүмкін әлемнің бір көрінісі.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Spotlight
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Шоудың соңында Lou Reed-тің «Perfect Day» әнінің шырқалуы – Клауснердің осы ойын растағандай. Ал сіздің керемет күніңіз қандай? Мен бұл күнді былай елестетемін: түскі аста сангрия ішіп, хайуанаттар бағында біраз серуендеп, кешті сүйікті адамыңмен үйде өткізу. Әрине, Dries Van Noten киімімен.

Темы