IMAGE Майки Мэдисон | Dior

Майки Мэдисон Джонатан Андерсон басқаратын Dior-дың алғашқы амбассадоры атанды

Бірінші қазанда Париж сән апталығында Джонатан Андерсон Dior үшін жасаған дебюттік әйелдер топтамасын таныстырады. Осыған орай, креативті директор оның алғашқы амбассадоры кім болатынын жариялады. Брендті көптен бері танытып жүрген Дженна Ортега, BLACKPINK тобының мүшесі Джису, Аня Тейлор-Джой және Дева Кассельдің қатарына енді Майки Мэдисон қосылды. 2025 жылдың сәуір айынан бастап ол сондай-ақ LVMH конгломератына тиесілі Tiffany & Co. компаниясының амбассадоры болып табылады.

Бұл ынтымақтастықтың кездейсоқ емес екені анық. Себебі осы жылдың наурыз айында өткен «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінде актриса «Анора» фильміндегі рөлі үшін мәртебелі мүсіншені дәл осы Dior брендінің нәзік қара-қызғылт көйлегін киіп тұрып алған болатын. Джонатан Андерсон актрисаның жұмысқа деген сезімталдығы бренд стилімен мінсіз үйлесетінін атап өтсе, Майки өз кезегінде дизайнердің киім арқылы тарихты баяндау шеберлігінен шабыт алатынын мойындады.