Tatler Kazakhstan үшін арнайы арт-директор Айони Хауст пен фотограф Әлия Қылышпаева Шелек кентіне жақын маңдағы Қапшағай су қоймасының жағасында түсірілім өткізді. Бұл жерде туристер жоқтың қасы, ал жергілікті тұрғындар балық аулап, өз тіршілігін жасап жатыр. Осының өзі табиғатпен біте қайнасқан мамыражай ахуал сыйлайды.
Оңаша қалған су перісі дауысын аяққа айырбастағанымен, туған суын тастап кете алмай қиналды. Уақыт осы сәтте тоқтап қалғандай. Жеңіл самал ескі балықшы қайықтарын баяу тербетіп, судың тымырсық тыныштығын сәл бұзады. Су перісі сол қайықтардың бірін өзіне уақытша пана тұтқан: енді суда емес, бірақ әлі де су бетінде. Ол тік тұру үшін қолына қурай таяқты тірек етеді де, көзін көкжиекке қадайды. Күн сәулесіне үйренуге тырысып, туған мекенімен біржола қоштасар алдында шөптің маясына тасаланады. Осылайша оның сұлулыққа, құпияға, сынақ мен махаббатқа толы беймәлім әлемге саяхаты басталады.



