Bvlgari Polychroma High-End жаңа топтамасының тұсаукесері қалай өткенін баяндаймыз
Сицилиядағы Таормина қаласының көне Грек театрында Bvlgari сән үйінің керемет көрсетілімі өтті. Мұнда 250 зергерлік бұйымнан тұратын Polychroma High-End топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген танымал тұлғалар, сондай-ақ сән үйінің достары жиналды. Олардың арасында Приянка Чопра Джонас, Виола Дэвис, Лю Ифэй және Лиза Манобан сияқты жұлдыздар да болды.
Бұл көрсетілімді ерекше еткен – оның грек трагедияларына негізделген үш актілі спектакль форматында өткізілуі. Хореографияны атақты сэр Уэйн Макгрегор қойса, модельдердің образдарын Франческо Мурано ойластырды. Көйлектердің үлгілері грек әйел құдайларының киімдерін еске түсіріп, шынымен де тамаша көрінді. Дегенмен, әрине, жаңа топтамадағы ерекше де көз тартарлық әшекейлерге барлық назар ауды. Біздің редакция да оларды өздерінің «қалаулар тізіміне» (wishlist) қосып үлгерді!