Көз жауын алар көгалдар, мұзарт шыңдар және Hublot сағаттарының реңкімен құлпырған спортшылар
Швейцарияның ертегідей Гштаад алқабында, Гштаад-Заненланд әуежайының аумағында 28-ші Hublot Polo Gold Cup турнирі салтанат құрды. Альпідегі ең беделді поло жарыстарының бірі 24 тамызда өз шымылдығын түріп, онда төрт команда үш раундтық тартысты матчтарда жеңіс үшін бақ сынасты. Ойынның әрбір сәті Hublot хронометрінің көмегімен дәлме-дәл есептеліп отырды.
Hublot командасы алаңға жаңа – Petrol Blue және Mint Green түсті спорттық формасымен шықты. Бұл реңктер колонналы дөңгелегі мен flyback функциясы бар Big Bang Unico 42 мм хронографының және безелін 36 жарқыраған бриллиант көмкерген Big Bang One Click 33 мм әйелдер моделінің салтанатты түстерінен шабыт алған.
Тартысты өткен Hublot Polo Gold Cup Gstaad 2025 турнирінің жеңіс тұғырынан Gstaad Palace командасы көрінді. Команда мүшелері Маркус пен Томми Грефф, Франсиско Фуччи және Мартин Подеста марапат ретінде Hublot Polo Gold Cup Gstaad Winner деп арнайы ойып жазылған Hublot сағаттарын иеленді.
Сондай-ақ, бұл айтулы іс-шараға актерлер Сирил Мецгер, Джузеппе Маджо және кәсіпкер Ксения Чуми сияқты танымал қонақтар қатысты. Олар қарапайым көрермендермен бірге ойыннан кейін ат тұяғынан қалған іздерді тегістеп, алаңға қамқорлық көрсету дәстүріне атсалысты.