IMAGE Фотосуретші: Аружан Жанова | Tatler Best

Tatler Best: Қазақстанның үздік мейрамханалар, барлар мен қонақүйлерінің рейтингі

Tatler Best – бұл қонақжайлылық саласындағы беделді рейтинг. Ол аймақтың гастрономиялық және қонақүй саласының келбетін қалыптастыратын мейрамханалардың, барлар мен қонақүйлердің абыройлы тізімі болып табылады. Бұл – Tatler Asia-ның халықаралық бастамасы. Ол Tatler-дің Азия елдеріндегі 40 жылдан астам уақыт ішінде HoReCa (қонақжайлылық) саласында жинақтаған тәжірибесі мен беделінің көрінісі.

Tatler Best салтанаты тарихында алғаш рет бай мәдени мұрасы, Шығыс пен Батыс дәстүрлерінің бірегей тоғысуы, халықтардың таңғажайып көптүрлілігі және ерекше қонақжайлылығы бар Қазақстанда өтеді.

Іріктеу процесі

Алдымен Tatler редакциясы бүкіл Қазақстан бойынша 127 мекемеден тұратын шорт-лист құрастырды. Содан кейін бұл тізім қазылар алқасына – талғамы мінсіз 80-нен астам сарапшыға ұсынылды. Олардың қатарында саланың тәжірибелі өкілдері, гастрономия сарапшылары, сондай-ақ lifestyle- және travel-инфлюенсерлері бар.

Олардың бағаларының қорытындысы бойынша «Жылдың үздік мейрамханасы», «Жылдың үздік бары» және «Жылдың үздік қонақүйі» сияқты негізгі санаттар бойынша лауреаттар анықталады.

Үздік барлар мен мейрамханалар кіретін «Tatler Best 20» тізімі қыркүйек айының басында жарияланады. Ал «Жылдың үздік мейрамханасы», «Жылдың үздік бары» және «Жылдың үздік қонақүйі» сияқты негізгі санаттардың жеңімпаздары, сондай-ақ Best-in-Class («Өз санатындағы үздік») арнайы номинацияларының иегерлері қыркүйек айының аяғында өтетін салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Азияның үздіктері

Қазақстандық жеңімпаздар еліміздің атынан Азия-Тынық мұхиты аймағында өтетін Tatler Best аймақтық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Оның қорытындысы қазан айында Бангкокта жарияланады.