Астанадағы Конгресс-орталықта өтетін Astana Art Fair халықаралық көркемөнер көрмесі туралы баяндаймыз
24-26 қазан аралығында Астана қаласы заманауи өнердің орталығына айналады. Конгресс-орталықта «Болашақтың тамырлары» тақырыбымен Astana Art Fair халықаралық көрмесі өтеді. Бұл іс-шара Қазақстанның креативті экономикасын дамытуға және жастарды жаһандық мәдени процеске тартуға бағытталған.
Көрмеге келушілер суретшілер мен сарапшылардың инсталляция, мультимедиалық жобалар мен перформанстардан тұратын жұмыстарын тамашалап қана қоймай, оларды сатып та ала алады. Сонымен қатар, балалар мен ересектерге арналған білім беру дәрістері өткізіледі. «Біздің мақсатымыз – Astana Art Fair-ді жай ғана көрме емес, коллекционерлер, галереялар, жас және танымал суретшілер бас қосып, өз ойларымен бөлісетін, әрбір адам өзін үлкен мәдени диалогтың бір бөлігі ретінде сезінетін нағыз мәдени алмасу платформасына айналдыру», – дейді Urpaq креативті бірлестігінің ұйымдастырушылары.