Париж бе, әлде Лазур жағалауы ма, әзірге белгісіз, бірақ біз «Ақ лотос» сериалының жаңа драмаларын тағатсыздана күтудеміз.
Бізге жеткен қауесетке сүйенсек, «Ақ лотос» сериалының төртінші маусымының оқиғалары Францияда өрбиді. Deadline хабарлауынша, команда Лазур жағалауындағы аты аңызға айналған Grand-Hôtel du Cap-Ferrat-қа, Париждегі George V-ке, тіпті Альпідегі Megève-ке көз салып отыр. Бірақ соңғы нұсқаның таңдалуы екіталай, себебі шоудың авторы Марк Уайт суық пен қысты жек көреді. Париж, әрине, оқиғаны оңаша курорттардан қоғамдық өмірдің қайнаған ортасына көшіріп, шоудың атмосферасын түбегейлі өзгерте алар еді. Уайттың өзі «жартасқа ұрылған көбікті толқындар» эстетикасынан алыстап, басқа бағытқа бет бұрғысы келетінін мойындайды. Не де болса, байлардың демалыста қалай азап шегетіні туралы кезекті медитативті саганы тағатсыздана күтеміз.