Әншінің кітап клубынан ең қызықты туындылар топтамасы
Жарнамаға түсіп, концерттік турда өнер көрсетіп, яхтада демалып, Каллум Тернермен болатын үйлену тойына дайындалып жүрген Дуа Липаның бір минут бос уақыты жоқ сияқты. Осындай тығыз кестемен ол айына бір кітап оқуға қалай уақыт табады деп таңғаласың. Әнші оқыған кітаптары туралы ойларымен өзінің Service95 атты кітап клубының Instagram-парақшасында бөліседі. Ол жерде заманауи әдебиетті авторлардың өздерімен талқылайды. Дуа бұл кітап клубын 2023 жылы ашып, кейін оны керемет орындар, рецептер мен сән әлемінің жаңалықтарымен бөлісетін тұтас бір медиа кеңістікке айналдырды. Қазір оның кітапқа қатысты бұл қызметін 450 мыңнан астам адам бақылайды.
Жақында Pinterest Дуа Липаның кітап клубымен бірлесіп, оның ұсыныстарынан тұратын арнайы тақта жасады. Бұл топтамада танымдық әдебиеттен бастап, романдар, эпистолярлық жанр, мемуарлар және тағы басқа да туындыларды табуға болады. Біз сіздер үшін заманауи it-girl оқыған ең қызықты кітаптарды жинадық.
«Just Kids»
Авторы: Патти Смит
«Паттиді бір сөзбен сипаттау қиын – ол әнші, ақын, суретші және, әрине, жазушы. Бір нәрсені сеніммен айтуға болады – бұл кітапта ол өзінің болмысының әрбір қырын көрсете білген», – дейді Дуа Липа. Кітапта Патти оқиғаны өз атынан баяндап, есею және шығармашылық тұрғыдан қалыптасу жолын сипаттайды. Ол өз шығармасында 1960-жылдардың соңы мен 1970-жылдардың басындағы Нью-Йорк атмосферасын дәл суреттейді.
