IMAGE Фотосуретші: Альбина Арбузова

Мамырдың мамыражай қалпында мазасыз көңіл күйден арылып, демалыс күндерінің рахатын арттырған дүниелер жайлы Tatler командасының ай сайынғы «Editors’ Pick» тізімінен оқи отырыңыз.

Біз бұл айдарымызды ерекше жақсы көреміз. Ай сайын редакцияда мүшелерінің жеке жаңалықтарын да біліп отыру өзінше қызық. Айтпақшы, бұл жерде ешқандай жарнамалық әріптестік жоқ – бәрі шын жүректен.

Мысалы, сән редакторы алғаш рет диджеинг жасап көріп, неге жұрт диджейлерге құмар екенін енді түсінді. Digital-директор Coca-Cola Cherry дәмінен философиялық мән тапты. Ал продюсеріміз ақыры уайымдауды қойды — бәрі декафтың арқасы: күніне бес кесе ішуге болады дейді. Сонымен қатар біз кітап оқыдық, дәмді десерт жедік, тіпті тыртық пен жараға арналған сиқырлы ем таптық. Қазірше кеңестеріміз тегін, пайдаланып үлгеріңіздер.

Илья, digital-директор

Сусын: Coca‑Cola Cherry

Ес білгелі Coca‑Cola ішемін. Өзімді-өзім «тәттіге деген құмарлығымды осылай басамын» деп жұбатам. Бірақ шынтуайтында бұл америкалық болып тусам ғой деген арманның өзінше бір орындалуы шығар.

Философ Славой Жижек «Психопаттың кинонұсқаулығы: идеология» деген фильмінде былай дейді: «Қазіргі қоғам ләззат алуға міндетті. Ләззат оғаш, тіпті бұрмаланған парызға айналды. Coca‑Cola парадоксы мынада: шөлдесең – ішесің. Бірақ неғұрлым көп ішсең, соғұрлым шөлің күшейе түседі. Құмарлық деген – нақты бір дүниеге емес, құмарлықтың өзіне деген құштарлық. Құмарлықтың ең үрейлі сәті – толық қанағаттанып, енді ештеңе қаламай қалу».

Мен де қанша кола ішсем де, тіпті ол шие дәмді болса да, ешқашан америкалыққа айналмаймын. Тек аңсау тоқтамайды. 

Tatler Asia

Дания, SMM-директор

Кітап: Ребекка Куангтың «Yellowface» шығармасы

Соңғы кездері негізінен ғылыми әдебиет пен мемуарлар оқып жүр едім. Ал өткен айда маған Ребекка Куангтың «Yellowface» романы сыйлық боп келіп, күтпеген жерден өте өзекті әрі өткір туынды болып шықты, жүрегімнен ерекше орын алды. Сөз бостандығы, шығармашылық шекаралары, мәдени апроприация, баспа индустриясының ішкі әлемі, әлеуметтік желілердің психикаға әсері — бәрі-бәрі қамтылған. Интернет пен шынайы өмірді бір-бірінен ажырату барған сайын қиындап бара жатқанын сезіндім. Екі күнде оқып бітірдім.

Әлеуметтік желілермен жұмыс істейтін адам ретінде жалғыздық тақырыбы мені ерекше толғандырды. Күні бойы мыңдаған адаммен «байланыстасың»: лайктар, пікірлер, хабарламалар. Ал басыңа күн туғанда көмекке шақыратын ешкім болмай қалады екен.

Tatler Asia

Индира, сән редакторы

Іс-әрекет: диджеинг

Мамырдың соңғы демалысында Tatler-дің digital-командасы Purple барында диджеинг жасады. Әркімнің жеке сеті болды. Тіпті мен де диджейлік еттім, тәжірибем нөл болса да. Әрине, шын мәнінде музыка қосуды кәсіби диджей жасады, мен тек плейлисті таңдадым. Бірақ біреу келіп, Daft Punk-тың «Digital Love» трегі үшін алғыс айтқанда, шын мәнінде эйфорияға жақын сезімде болдым. Вайб бөлісу деген осы шығар.

Айтпақшы, диджей болу – диджеймен кездесумен мүлде бірдей емес екен. Басқару бұ жолы өз қолыңда, әсері де мүлде бөлек.

Tatler Asia

Сергей, креатив директор

Зат: Milwaukee Fastback 5-in-1 көпфункционалды пышағы

Жақында солтүстік америкалық Milwaukee бренді шығарған Fastback 5-in-1 пышақ-бұрауыш сатып алдым. Ыңғайлы, өткір, сенімді — әсіресе мотоциклшілер мен велосипедшілер үшін таптырмас құрал. Жолда, түсірілімде, кез келген дала жағдайында талай рет көмектесті.

Tatler Asia

Альбина, фоторедактор

Сырға: Uno de 50 маркасының «Serotonin» үлгісі

Uno de 50-дің әшекейлері арасында бір нәрсені таңдау қиын. Бірақ менің жүрегімді жаулап алған – осы сырғалар. «Serotonin» үлгісі джинсқа да, кешкі көйлекке де жараса кетеді. U пішінді, ұшында кішкене домалақтары бар сырғаға ұқсайтын дизайнына панк-стильге тән аздап батылдық қосылған. Көзге түспей қалмайды, бірақ артық ештеңесі жоқ.

Tatler Asia

Әйгерім, продюсер

Сусын: Кофеинсіз кофе

Декаф мен үшін шын мәнінде жаңалық болды. Дәмі мен хош иісі кәдімгі кофе сияқты, бірақ екі-үш ұрттамнан кейін болатын жағымсыз әсерлер болмайды екен. Кез келген уақытта іше беруге болады — тіпті ұйықтар алдында да. Кофеинге сезімтал немесе уайымшыл адамдарға ұсынамын. Декаф барған сайын танымал болып келеді, оны қазір кез келген кофеханадан табуға болады.

Tatler Asia

Камила, YouTube редакторы

Косметика: La Roche-Posay Cicaplast Baume B5+ кремі

Шамамен бір жарым жылдан бері пилонмен айналысып жүрмін. Аяғымдағы тері үйкелісінен пайда болған тыртық жарты жыл бойы кетпей қойды. Дәріханалық майлар мен басқа кремдер көмектеспеді. Ал Cicaplast Baume таң қалдырды: бір апта ішінде терім тынышталып, тыртық көзге көрінбестей жазылып кетті.

Құрамының өзі қандай десеңізші. Бұл кремде гормон мүлде жоқ — көптеген емдеуші жақпа майлардан басты айырмашылығы осы. Тек пантенол, термалды су және мырыш қана.

Tatler Asia

Динара, SMM

Десерт: лимон және анар салмасы бар Soletto балмұздағы

Мамырдағы тәтті ләззатым – лимон және анар салмалы Soletto балмұздағы. Тек беларусь өнімдері дүкенінде ғана сатылады. Рас, «тағы біреуін беріңізші» деуге үлгермейсіз, бәрін сатып алып кетеді. Шыны керек, бұл балмұздақ сәл қышқыл, өте шырынды, демалысқа сай сезім сыйлай алады.

Tatler Asia

Зарина, редактор

Аяқ киім: Puma SKYROCKET LITE ALT кроссовкісі

Puma бренді шығарған жүгіруге арналған жаңа кроссовкісі тек тренажер залында киемін. Оларды спорттық сөмкеме салған сайын ерекше шабыт пайда болады. Денем алда бір жарым сағат қимыл, фокус пен таза ләззат күтетінін біледі. Бұл аяқ киім өте жұмсақ, ыңғайлы және сенің қозғалысыңа бейімделіп тұрғандай.

Tatler Asia

Авторы

Өнер бағыты: Сарсенбаева Мадина
Фотография: Арбузова Альбина

Темы