IMAGE «The Mandalorian & Grogu» фильмінен кадр | Golem Creations

Дин Джарин мен Кішкентай Йода «Star Wars: The Mandalorian & Grogu» фильмінде галактика кеңістігіндегі жаңа сапарға аттанады

Star Wars франшизасы ұзақ үзілістен кейін үлкен экрандарға қайта оралуда. Жаңа «The Mandalorian & Grogu» фильмі – 2019 жылы жарық көрген «Star Wars: The Rise of Skywalker» туындысынан кейінгі осы франшизадағы алғашқы толықметражды кинокартина болмақ.

Басты кейіпкерлер – «The Mandalorian» сериалы арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленген іздеуші Дин Джарин (Педро Паскаль) және көпшілікке Кішкентай Йода ретінде танымал Грогу. Фильмде бұл екеуі Жаңа Республиканың атынан күрделі миссияларға аттанып, Мандоның жаңартылған «Razor Crest» кемесімен галактиканы шарлайды. Сапар барысында олар көтерілісші Гаразеб «Зеб» Оррелиоспен, Сигурни Уивер сомдайтын жұмбақ кейіпкермен және басқа да персонаждармен күш біріктіреді.

«The Mandalorian & Grogu» фильмінің премьерасы 2026 жылдың 22 мамырына жоспарланған. Ал 2027 жылдың 28 мамырында жанкүйерлерді Райан Гослинг басты рөлді сомдайтын «Star Wars: Starfighter» фильмі күтіп тұр.