IMAGE Фаррелл Уильямс | Getty Images

Фаррелл Уильямстың сән, музыка және дизайнды біріктірген Virginia жобасы туралы баяндаймыз

Фаррелл Уильямстың шығармашылық ізденісі шек білмейді: бұл жолы музыкант бір мезгілде бренд, лақап ат және әлеуметтік алаң болып табылатын Virginia жобасын іске қосты. Бұл жобаның бастау алуына 2024 жылы ешқандай стримингтік платформаның көмегінсіз, жасырын түрде шығарылған Black Yacht Rock, Vol. 1: City of Limitless Access альбомы себеп болды. Ол тек ресми сайтта ғана қолжетімді болды, ал енді сол сайт Virginia жобасына сай толықтай қайта жасалды.

Сайттың дизайнымен Вирджиниядан шыққан суретші – Сэм Клейман айналысқан. Жаңа топтаманың басты жұлдызы – Adidas-пен бірлесіп жасалған, құны 300 доллар тұратын Adistar Jellyfish кроссовкасы болды. Олар бір күнге жетпей сатылып кетті. Сондай-ақ, сайтта тегін онлайн-караокеге қатысуға болады. Ол үшін тек телефон мен құлаққап қажет.

Tatler Asia
Tatler Asia